Ұлы Отан соғысы жылдары тылда қызмет еткен еңбеккерлердің еңбегі, жеңісті жақындатуға қосқан үлесі аз емес.
Майданға аттанған солдаттардың ас-суын, киім-кешегін уақытылы жеткізумен қатар артында қалған үлкен кісілер мен шиеттей бала-шағаның қамын қоса арқалап, тылда еңбек еткен жандардың бірі әйел азаматтары екенін жақсы білеміз.
Жеңіс күні қарсаңында Шарипова Жибек және Шарипова Карима апаларымызға Астана қаласы әкімінің атынан құттықтау хат, азық-түлік себеттері табыс етілді.
“Еліміз аман,халқымыз тыныш болсын, біздің жасымызды берсен” деген тілек айтып,ақ баталарын берді апаларымыз.
Келе жатқан Жеңіс күні құтты болсын! Ардагерлеріміз аман болсын!