Астана қаласы әкімдігінің Байқоңыр ауданына қарасты «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-де ұлағатты ұстаз, сөз зергері журналист Пірімбетова Маржан Бектұрсынқызының жуырда ғана баспадан шыққан «Қазақ әйелдері әлем жанарында» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кеш жүргізушілері, Маржан Бектұрсынқызы білікті маман, жаны жақсылық пен ізгілікке толы жан, дей отырып еңбек жолымен таныстырып өтті.

Кітаптың қызыл лентасын Астана қаласы аудандарындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» директоры Еркетаев Мұхтар Дүйсенұлы мен Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлбадан Сақтапқызы кесіп, кез келген кітап үлкен еңбектің нәтижесі екендігіне тоқтала отырып тілектерін білдірді.

Сонымен қатар кеш қонақтары қаламгер, журналист Ғ.Балтабай, әдебиетші Б.Бұлғақбаева және бірнеше зиялы қауым өкілдері тілектерін білдіріп, кітап туралы ойларын айтып өтті.

Шара барысында бойды шымырлатар қобыз үні мен домбырадан төгілген күй көпшілікті тәнті етті.