Кітапханада жазғы демалыс уақытында балаларды кітап оқуға тарту мақсатында «Кітаппен өткен жаз қызық» атты іс-шара өтті.Іс-шараға № 14 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.
Балаларды оқуға үйрету және кітапханаға оқырман тарту мақсатында әр түрлі тақырыпта қызықты ойындар мен викториналар ұйымдастырылды.
Оқушыларға оқырманның міндеттері таныстырылып, кітап оқудың пайдасы туралы айтылды.
Балалар әдебиетінің інжу-маржандарының туындылары көрмеге қойылды және сол туралы ақпараттар берілді.
Жақсы кітап – даналыққа жетелейді, кітапханашылар оқушылардың жазғы каникул кезінде кітап оқуға қызығушылығын арттыру үшін жаңа жобаларды қолға алды.