Маған да Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауы күтпеген жаңалық болды. Н. Ә. Назарбаевтың Отанымыз Қазақстанның гүлденуіне. өркендеп, дамуына қосқан еңбегі ерекше. Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық қалыптасып, Туымыз, Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар Тәуелсіз мемлекет болдық. “Маған ұлы халқыма, туған жеріме қызмет ету бақыты бұйырды…. Осындай қолдауды, сенімді ақтау үшін мен бар күш-жігерімді, денсаулығымды, уақытымды аямай адал қызмет еттім», – деген Елбасының сөздері де бізге Ұлы адаммен бірге болашаққа нық қадам басып бара жатқанымыздың дәлелі. Ендеше Елбасы көрсетіп берген жолдан таймай, еліміз үшін, жеріміз үшін аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасының сөзімен айтқанда: “Біз күшті болуымыз керек!”