Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері

Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында мемлекет басшысының жарлығымен ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетіміздің танымал тұлғалары: мәдениеттанушы Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы, ақын Ақсұңқар Серік, жазушы Есім Ғарифолла, әдебиеттанушы Жолдасбеков Мырзатай, ақын Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлы, драматург Мұқанова Роза Қажығалымқызы; жазушы Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлы оқырмандарының көңілінен шыққан көрнекті әдеби шығармалары үшін Абай атындағы әдебиет пен өнер мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Бұл марапат оқырман қауым және кітапханашылар үшін үлкен қуаныш. Жаһандану үрдісінде руханияттың сан қилы қыспағына қалған заманда адамгершілік асыл қасиеттерді ұлықтап,шөліркеген жанымызды сусындатып, көңілімізді жібітіп биік мұраттар мен асқақ армандарға жетелеген ақын-жазушыларымыз сіздердің еңбектеріңіздің орны ерекше.

Нұр-Сұлтан қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Сіздерді Мәдениет пен әдебиет саласындағы толағай табыстарыңызбен құттықтайды!

Сіздерге зор денсаулық пен шығармашылық шабыт тілейміз, қаламдарыңыздың қарымы қарыштап еліміздің руханият қоржынына салар қазыналарыңыз көп болсын!

Келіп жеткен егемен еліміздің Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!