Бүгін Абай күні.
Мереке құтты болсын!
“Қалың елім, қазағым” деп халқының қамын жеген, “мыңмен жалғыз алысып” жұртына білім мен өнер үйренуді насихаттан дана да дара тұлғаның әр сөзі әлі де өзекті.
Төмендегі Абай өмірі туралы фактілерді оқып көріңіз, қайсысы сіз үшін жаңалық болар екен:
⠀
📚 Алғашқы өлеңі болып саналатын “Кім екен деп келіп ем түйе қуған…” деген жолдардан басталатын өлеңін 10 жасында шығарған;
📚 13 жасынан ел ісіне араласа бастаған;
📚 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Бұл кезде Абай 15 жаста болған;
📚 16 жасында әке болды;
📚 Көптеген өлеңіне өзі ән жазған. Олардың ішінде кеңінен тарағаны – “Көзімнің қарасы”;
📚 Алғашқы өлеңдерін досы Көкбайдың атынан жариялаған;
📚 21 жасында болыс болып сайланды;
📚 Екінші әйелі Әйгерімге 30 жасында үйленген;
📚 Еркежан – Абайдың әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі. Ол Абайдың інісі Оспанның қалыңдығы болған. Еркежан Абайға өз қалауымен тұрмысқа шыққан;
📚 36 жасында тұңғыш немересі Әубәкір дүниеге келді.