Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күніне орай «Кітап – ұлттың баға жетпес байлығы, рухани қазынасы» атты кітап оқу мерекесінің қорытындысы ретінде қалалық марапаттау салтанаты өтті.
Іс-шараға ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, мәдениет саласының қызметкерлері, үздік оқырмандар мен қала тұрғындары қатысты. Мәдени бағдарлама аясында ұлттық құндылықтар дәріптеліп, кітап оқудың маңыздылығы кеңінен насихатталды.
Шараның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін дамыту мен насихаттау, сондай-ақ кітапханалардың қоғамдағы рөлін арттыру болып табылады.