Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды.
Бастаманы дәріптеу мақсатында «Мың мамандық бәрі бар,таңдап, талғап бірін ал!» атты дөңгелек үстелінің қонағы қазақ елінің ғылымы мен білімінің дамуы жолында аянбай еңбек етіп, өз еңбегінің биік шыңына шыққан ұстаз Ақмола облысының Астана қаласындағы №2 «ДАРЫН» мамандандырылған дарынды балалар мектеп-лицей интернат басшысы, Астана қаласы «Аманат» партиясы жанындағы отбасы және халықтың әлеуметтік мәселелері кеңесінің мүшесі, «Дарын» 25 жылдығы медалінің иегері Шамуратова Рысжан Шерниязқызымен кездесу ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге №42 орта мектебінің түлектері, психолог маманы Жүнісова Гүлнұр Кадыржанқызы, мектеп кітапханашы Башаева Нұрсәуле Биралықызы қатысты.
Мектеп бітірушілердің қандай мамандық таңдауы керек, өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға жауап іздеген оқырмандарға кеш қонағы мамандық таңдаудағы маңызды тақырыптарға жан-жақты тоқталды.
Сонымен қатар кеш қонағының сырлы сөздерімен, қазақтың қара домбырасымен орындаған әндерінде тамашалады. Бес саусағынан өнер тамған Рысжан Шерниязқызы кітабын және өз қолымен ойған оюларына қол таңбасын қалдыра отырып оқырмандарға сыйға тарту етті.