«Түркияның кітапханалық әлемі» айдары
Қайырлы таң, құрметті оқырмандар! 📚
Сіздерге жақында біз барған Анкарадағы кітапханалардың бірін көрсеткім келеді.
Түркияның Ұлттық кітапханасы 1946 жылы Анкарада құрылған.
Бұл ұлттық ескерткіш, ұлттық мұрағат, мұражай және зерттеу орталығы болып табылатын мекеме. Түркия Республикасының «Баспа қолжазбалары мен иллюстрациялар жинағы туралы” Заңына сәйкес кітапхана мұрағатына елде жарияланған әрбір шығарманың көшірмесі ұсынылады. Кітапхана – 1 473 832 кітап, 27 464 қолжазба, 1 505 қолжазба кітап, 270 512 том журналдар мен газеттер, 188 517 сирек және басқа да шығармалар жинақталған. Жалпы кітап қоры – 4 870 000 дана.
Кітапхананың жұмыс уақыты 24 сағат.
Ұлттық кітапхананың жаңа ғимараты 1983 жылы пайдалануға берілген. Кітапхана 4 қабаттан тұрады.
Кітапханада 5 оқу залы және бір академиялық зал бар.
Олардың ішіндегі ең үлкені – Гюджган Кунбур атындағы оқу залы, 1169 адамға арналған.
Кітапхананың барлық бөлімі толық RFID технологиясымен және кітапханалық бағдарламамен автоматтандырылған.
1-қабат: оқырманның электронды тіркелу және кітаптарға электронды тапсырыс беру залы
2-қабат: кітап көрмелері, оқырман оқу залдары. Бұнда толық тыныш отырып кітап оқу, жазу тыныш аймақтары сақталған.
3-қабат: библиографиялық және кітаптарды автоматты өңдеу залдары.
4-қабат: академиялық зал
0-қабат: мерзімді басылымдар, сирек кітаптарды сақтау және кітаптармен мерзімді басылымдар сандық көшірмесін жасау залы.
Қонақжайлылық үшін көп рахмет, Құрметті әріптестер !
Біз танысқанымызға қуаныштымыз!