Бүгінгі Қазақстан халқының Тілдер күні құтты болсын.
Бүгін 5 қыркүйек қазақ лингвистикасының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов пен Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күнін біріктірген атаулы күн болып табылады.
Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.
Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлы-дәуірдің дара тұлғасы болған .
Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің барлық кітапханаларында Ахмет Байтұрсынұлының кітаптары бар келіп алып оқуларыңызға болады.