Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Кітаппен әлем жарқын және мейірімді» атты балалар мерекесін өткізді.
Онда балаларға арналған буккроссинг акциясы, әсем безендірілген кітап көрмесі, аквагрим, кітап сыйлау, қуыршақ театрының қойылымы, «Тақия тігу» – шеберлік сыныбы, қызықты ойындар, балалар жазушы Әлімжанов Баянғалидың «400 тәтті тақпақ» кітабы тұсаукесері қызықты да көңілді және әсерлі шара болды.
Сонымен бірге, келген қонақтар балалардың мерекеге әкелген ән-би өнерлерін тамашалады.
Шараға қатысқан кітапхана серіктестері «Замандас 21» ҚБ «Бетке сурет саламыз» аквагрим, шарлар ұсынса, Астанадағы Орыс үйі Рессей ынтымақтастық өкілдігі өз базарлықтары кітаптар, түрлі-түсті карандаштарын, «Фолиант» баспасы қызықты ертегі кітаптарын балаларға сыйға тартты. Кеш қонақтары қаламыздың № 37, №38, №63 мектеп оқушылары, кітапханалардың бүлдіршін оқырмандары болды.