Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан наурыз.
Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз!» атты театрландырылған мереке өтті.
Ойын-сауықтыққа толы мерекеде кітапханамыздың “Еркем-ай” қуыршақ үйірмесі “Наурыз-Думан” көрінісін сахналандырып ұсынды. Жас әртістеріміз Алдар көсе,Тазша бала, Шық бермес Шығайбайларды сомдап көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады. Қыздар қазақша сән үлгісінен дефиле көрсетіп, сәнқойлықтарымен мерекені әсерлі ете түсті. Төріміздің көркі болған — әжелер өсиетті әңгіме айтып, салт-дәстүрден мәлімет берілді. Ән мен биден шашу шашылды.
Іс-шараға Ғали Орманов атындағы #7-мектеп-гимназиясының 6 ”а” сыныбының ақылды да талантты оқушылары ат салысты.

#наурызмейрамы #наурызқұттыболсын #наурыз #кудасходить #библиотекиастаны #библиотеки #китапханә #кітап