Бүгін Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Қарашаңырақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ақын, журналист – жазушы, “Менің әкем – ең жақсы адам”.
“Жарық ғалам” кітаптарының авторы, Шымкент қалалық «Қарашаңырақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалының директоры- Фатима Забурақызының “Мықты әйел” кітабының тұсаукесері өтті.
Кешке жазушының жақын – таныстары, әріптестері, қоғам белсенділері және Ж.Жабаев атындағы 4-мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары қатысты.
“Есіл толқындары” ардагерлер ансамблі әннен шашу шашып, диктор Қуат Ахметжанов автордың өлеңін мәнерлеп ұсынса, Тұрғанбек Нұрсұлтан, Абдиханов Азат, Шанай Гауһар сынды 4-мектеп оқушылары “Мықты әйел” кітабынан үзінді оқып кештің көркін кіргізді. Аталар бата беріп, Сарыарқа ауданы алғыс хат жариялаған тамаша көңіл-күйге толы кеш болды.
Қазақ әйелінің “қырық жандылығын” суреттеген “Мықты әйел” оқырман қауымның көңіл көкжиегінен шығады деген ойдамыз!