Бүгін кітапханамызда “Мөлдір бұлақ” республикалық балалар журналының 20-жылдығына орай ұйымдастырылған “Талаптыға нұр жауар” байқауының қорытындысы жарияланып, ауқымды іс-шара өтті.

Шара “Қара шаңырақ” ұлттық тәрбие беру мектебі, “Сенімен болашаққа” республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі және біздің кітапханалар жүйесінің қолдауымен, әрі “Мөлдір бұлақ” журналының жетекшілігімен өткізілді. Байқауға өтініш білдірген сансыз талапкерден жүзден жүйріктер іріктеліп, жүлделі дипломдармен марапатталды.
Эссе жазу;
Арнау өлең жазу;
Сурет салу;
Ертегі жазу номинациялары бойынша жеңіске жеткен кішкентай жеңімпаздар зор қуанышқа бөленді.

Сағыныш Дүйсенқызы кітапхана атынан талапты жеткіншектерге алғыс хат табыстап, ұшқыр қиял тіледі.

“Мөлдір бұлақ” журналына шығармашылық табыс тілеп, балаларға берері көп болсын демекпіз!