Эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шындаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, ой-өрісі кең, жан-жақты, білімді, парасатты кітапханашылардың орны да өзінше бір бөлек.

Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Әр дайым оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген, жаңалықтың, жайсан көзқарастың жаршысына, таусылмас рухани қазынаның қорғанына айналған, қымбатты да, қадірлі кітапханашылар, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, рухани игілік жолындағы еңбектеріңізге мол шығармашылық табыстар тілейміз!