Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университеті,практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті ,,ф.ғ.к.
“ Шаңырақ“ лингвистикалық үстел ойыны авторы Карыбаева Саягүл Елтайқызы ,қазақ тілі кафедрасы жанынан құрылған “Асыл мұра “мәдени-танымдық қоры мүшелерінің қатысуымен лингвотурнир Кітапхана түні аясында өтті.Турнир барысында қатысушылар тапқырлық,шапшандық,шешендік көрсетіп,эмоционалды әсер,рухани азық алды.Турнирді практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті,ф.ғ.к С.Е.Карибаева, «Шаңырақ» лингвистикалық үстел ойынын қорытындылап, бағасын берді. Ұйымдастырушылар Астана қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» директоры Мадибаева Г.С. жеңімпаздарға Алғыс хат табыстады.
Кітапхана күні «Менің қолтанбам» жобасы аясында балалар жазушылармен автограф-сессиясы өтті.Балалар жазушысы Серікбол Хасан «Күшті бала» атты жаңа кітабімен жас бүлдіршіндерді таныстырды.№ 14 мектеп-гимназиясының 4 «Ө» сынып оқушылары осы кітапқа кірген өлендерден үзінді оқып берді.
Кітапхана түні оқырман қауымға балалар жазушысы Толымбек Әбдрайымның балалардын көнілінен жылы жол тапқан,автордың әр жылдары жарық көрген туындыларымен кітапсүйер қауым сусындап ,ойға шомдырған шығармаларымен танысты. Мысалы «Еркешора»,»Әуелеп ұшқан тырналар», «Аққоянның үйшігі», «Аюқұлақ», «Жалқаулыққа кім үйір?», «Менд іқыз», «Алабұға аулаған күн», «Тағдыр сыйы», «Құс қанаты» т.б кітаптары туралы әңгіме сұхбат құрды.