Қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор — Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің тұғанына 125 жыл толуына орай жазушының шығармаларын насихаттау мақсатында Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Дәуірдің дара тұлғасы»атты көрме қойылды.

ҚР мәдениет қайраткері, Құрмет белгісі орденінің, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің,А.Байтұрсынов атындағы медаль иегері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Халықаралық Республикалық байқаулардың лауреаты, ақын, сазгер, күйші, дирижер Оспан Сүлейменұлымен
жеткіншектердің жүрегіне жол тапқан балалар жазушысы, журналист, , КР Президент сыйлығының лауреаты, баспагер Сүлейменов Бейсенбай Жолдасбекұлы көрмеміздің алғашқы қонақтары болды.

М.О. Әуезовтің шығармаларын насихатталып, таныстырылып, өмірінен мәлімет берілді.