Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек «Білім күні» мерекесі қарсаңында Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ұжымы жолдауды тыңдап, үлкен сеніммен тарқасты. Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналды.

Сонымен қатар халқымыздың денсаулығы, болашақ ұрпағымыздың білімін көтеру, мектепке дейінгі мекемелер жұмысын жақсарту жолдары туралы айтылып, тапсырмалар берілді.

Бұл жолдаудың астарында талай мән жатыр, бағытымызды баяндап, алдағы жоспарларымызды нақтылап берді. Қоғамның әлеуметтік белсенді мүшесі ретінде, біз, қалалық кітапхана ұжымы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын қолдаймыз және еліміздің өркендеуіне, рухани дамуына атсалысамыз.