Қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихындағы ұлы тұлға — Абай Құнанбайұлының туғанына биыл — 177 жыл.

Осы айтулы шара барысында, Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Абай әлемі» атты кітап көрмесінің таныстырылымы өтті.

Ақпараттық-сазды сағат ретінде ұйымастырылған көрмеге кітапхананың тұрақты оқырмандары ат салысты. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан мәліметтер беріліп, ақын өлеңдері, әндері орындалып, қара сөздері оқылды.

Серікова Ажар Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаса, Ақбота Уәлибек -«Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да»,
Сатан Айғаным- «Айттым сәлем Қаламқас», «Ғылым таппай мақтанба»,
Сатан Қарақат «Сегіз аяқ»,
Жанарбек Жәмила «Өлсем, орным, қара жер сыз болмай ма..» өлеңдерін және Абайдың бірінші қара сөзін оқыды.

«…Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,- деп кемеңгердің өз сөзімен көрменің кезекті таныстырылымы аяқталды.

#абай #абайқұнанбайұлы #абайкунанбаев #библиотека