Нұр-Сұлтан қаласы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасы  Қазақстан Республикасы
Халық жазушысы, Түркі тілдес халықтары арасындағы ең үздік  әлем ақыны, қоғам қайраткері ,Қазақстанның Еңбек Ері  Мұхтар Шахановтың 80 жасқа
толуына орай « Рух пен тіл » атты Шаханов оқуларын өткізеді.

Өз елінің намысын ту қып ұстаған,ұлт мүддесін қорғаушы қайсар ,тұлғалы ақынның рухты өлеңдері мен отты поэзиясын оқитын жастарды шақырамыз. Осы күнді  бүкіл иісі қазақтың жалынды ақыны
Мұхтар Шахановтың махаббат лирикасын, патриоттық өлеңдерін оқып әндерін айтып үлкен Поэзия-ән мерекесіне айналдырайық.

Қаламгерлер аллеясына келіңіздер! 29 маусым, сағат 11.00