Бүгін 11.06.2022 ж. сағ. 12:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі
№ 5 балалар кітапханасының конференц залында Welcome Day эксклюзивті шақырумен
6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арнап Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы алғашқы көптілді «Космокидс» балалар кітап клубы ашылды, @cosmokids.bc.kz.

Мұңда балалар оқуға деген сүйіспеншіліктерін оятумен ғана емес, сонымен қатар олар шешендік өнерді игерумен, басқаларды тыңдай отырып, өз көзқарастарын қорғаумен үйретіледі.

Жалпы жас оқырмандар 3 топқа бөлінді:
📍6-8 жас аралықта
📍8-10 жас аралықта
📍10-12 жас аралықта.
Кездесу барысында төмедегі мынадай іс-шара өтті:
1. Клуб тұсаукесері (формат, жүйе, жүлделер)
2. Десерттер мен тағамдар
3. Ата-аналарға арналған Викторина
4. Балаларға арналған интерактивті ойын.

Мұнда әр топта 10 бала мен куратор бар, ол топты және жыл бойына барлық 24 кездесумен сүйемелденеді.

Клубтың миссиясы: балаларға кітаптар әлеміне деген сүйіспеншілікті ояту, сонымен қатар балалар мен олардың ата-аналарын күтетін ойындар, деңгейлер, сыйлықтар, мультфильмдер, тәттілер және басқа да пайдалы нәрселер арқылы тәрбиелеу болып табылады.