Қаламгерлер аллеясында қалалық сенбілік «Ашық аспан астындағы кітапхананың» маусымдық ашылуына жалғасты.
Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Әлімбайұлы мен ақын-жазушылар бастаған ұжым «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» дегендей ағаштар отырғызу рәсімін өткізді.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,Халық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлы маусымның ашылу салтанатын жасап,Якут елінің ақын-жазушылары А.Н.Лугинов пен Н.И. Харлампьеваның шығармаларын «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» қорына табыстады. Биыл Харлампьева Наталья Ивановнаның 70 жылдық мерейтойына орай Якут елінің кітаптары бойынша «Әдебиет-ұлттар достығының алтын көпірі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Кешке қонақ ретінде Мәжіліс депутаты Мақпал Тажмағанбетова,Павлодар облысының Жазушылар одағының мүшесі Жарқынбек Амантайұлы, «Дарын» сыйлығының лауреаты, «Ана тілі» газетінің бөлім редакторы Динара Мәлікте атсалысты.Сонымен қоса Серікзат Дүйсенғазин,Ұларбек Нұрғалым, Якут елінің жазуылары т.б жас ақындар мен филармония әншілері,өлең жырларымен,ән-күйлерімен кешті одан әрі жандандырып, кештің көркін ашты.