Балалар ақыны,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серікбол Хасан Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің екінші ауысымында «Әкесінің қызы» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Таныстырылым барысында «Кітап оқырманын іздейді» шеберлік сағаты аясында кішкентай оқырмандармен викториналық сұрақтар,ақынмен тікелей сыр-сұхбат құрып,шығармалары бойынша өлеңдері оқылды.
Жас ақынның қарапайымдылығы сондай,бүгінгі төл шығармасының атауына сай көпшілік баланың әкесіндей мейірім төгіп,балаларға шат-жарқын көңіл күй сыйлады. Болашақта кітапқа жақын болып,кітапханалармен дос бола отырып, әлі де көптеген шығармалармен танысу мақсатында «Әкесінің қызы» мен «Қазақ анталогиясы» кітаптарын авторлық қолтаңбасымен сыйға тартты.
Осындай шат көңіл мен әдемі жинақ сыйлаған Серікбол Хасанның шығармашылығына толағай табыс,еңбегіне шабыт тілеп,қаламыңыз мұқалмасын-демекпіз.