“Қара шаңырақ” ұлттық тәрбие беру жобасы аясында “Қол өнер -сырлы өнер” шығармашылық зертханасы өтті.
Шығармашылық зертхана барысында қазақ ұлттық эксперементалдық студиясының жетекшісі Қуандық Мадина ұлттық бас киімдер оның ішінде қазіргі таңда трентке айналған моншақты тақия тігудің қыр -сырын үйрете отырып,жасөспірімдермен іскерлік шеберлік танытты.
Шеберлікпен қатар “Ертегі -ел ертеңі” айдары бойынша ардақты ұстаз,зейнеткер Бақытгүл Қабешқызы “Оюлар сыр шертеді”, ” Оюхан мен Жоюхан” ертегілерін де көрермен қауыммен әңгімелеп өтті.