8-сәуір сағат 12.00-де Нұр — Сұлтан қаласы Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында ұлттық құндылықтарды жаңғырту, ел руханиятын көтерген тұлғалардың тағылымды шығармашылығымен таныстыру және «2022 – Балалар жылына» орай балаларға арналған әдебиеттерді насихаттау мақсатында балалар жазушысы, ақын Олжас Қасым және Айдын Байыстың шығармашылық кездесу кеші өтті.

Баспадан шыққан Олжас Қасымның «Жан райы» мен Айдын Байыстың «Құланиек» кітабының таныстырылымына №4 Жамбыл Жабаев және №87 Абай Құнанбаев атындағы мектеп гимназиялардың оқушылары келді. Кештің ерекшелігі ақын шығармаларына байланысты суреттерге оқушылар тарапынан суреттеп беру,сол тақырыпқа ат қою,
сонымен қоса оқушылардың қойған сұрақтарына қонақтар тартымды да қызықты жауаптар беру арқылы бір-біріне деген қонақжайлылық пен мейірімділік орын алды. Кездесу кешінің қонақтарына тапқырлықтарымен, тез ойлау қабілеттілігімен ерекшеленген,оза шапқан оқушылар автордың қолтаңбасымен кітаптарын иеленді.

Кеш соңында «Менің қолтаңбам» баннеріне өз қолтаңбаларын қалдырып, естелік суретке түсті.