🌸 Наурыз-көктем мерекесі!
🌸 Наурыз-жыл басы!
🌸 Наурыз-жаңа серпін, жаңа леп-демекші бүгін 22 наурыз — Ұлыстың ұлы күніне орай №5 балалар кітапханасында «Ақ мол болсын» атты көктем мерекесі өтті.

🌸 Мерекелік іс-шарға «Ескендір қайырымдылық қоры» мекемесінің тәрбиеленушілері, сонымен қатар №38 және №64 мектеп-лицейлерінің оқушылары белсене қатысты.

🌸 Іс-шара барысында шашу шашылып,  бата берілді. Мерекеге орай Қазақ өнер университетінің 5-сынып оқушысы Саматова Аяжан «Ақ көгершін», №38 мектеп-лицейінің оқушылары Данияров Ансар мен Даниярова Рамина «Қазағымның салт-дәстүрлері-ай»,
№64 мектеп-лицейінің оқушысы Жексенбай Асқар «Желсіз түнде жарық ай» әндерін, «Ескендір қайырымдылық қоры» мекемесінің тәрбиеленушісі Жорақұл Айбақыт «Адай» және «Балбырауын» күйлерін орындады.
Сонымен қатар қазақтың ұлттық «Арқан тартыс», «Ат жарыс», «Асық ату» ойындары ойнатылды.

🌸 Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңейетін кезеңі — Наурыз мейрамы құтты болсын!