1 қыркүйек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты кезекті 25-ші жолдауын жолдады.
Осыған орай «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» яғни 18 кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен ашық жиналыс өтті.
Жиында кезекті Жолдау талқыланып, баяндама жасалды. Мәдениет саласына байланысты
Жолдауда қозғалған тақырыптар талқыланды.
Жиынның арнайы қонағы, лекторы, спикері ҚР Сыбайлас және жемқорлық агентігінің департаментінің ішіндегі республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы, қоғам қайраткері, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі, белгілі журналист, публицист Сәдібек Түгел.
Отырыс барысында Жолдаудың төртінші бастамасы кеңінен талқыланды.
Жиналысқа қатысқан «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» кітапхана қызметкерлері Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы негізгі бағыттарды талқылап, бірауыздан қолдау білдірді.