22.03.2021

 

Құрметті оқырмандар, әріптестер мен серіктестер!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт — береке әкелсін!

Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ізгі ниетпен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 🌷