2020 жыл «Волонтер жылы». Ең маңызды мерекеге – Тәуелсіздіктің отыз жылдығына дайындық жылы.

2020 жыл «Волонтер жылы».

Ең маңызды мерекеге – Тәуелсіздіктің отыз жылдығына дайындық жылы.

Әбунасыр Әл — Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының

175 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы кең көлемде аталып өтеді. Алтын Ордаға 750 жыл.

 

Қаңтар

1 қаңтар « Казахстанская правда» газетінің басылып шыққанына 100 ж. (1920 ж.)
1 қаңтар Жазушы Торғай Рахманбердіұлы Тұяқбаевтың туғанына (1955) 65 жыл.
1 қаңтар —     Әнші, артист Әбітай Мұсабековтың туғанына 105 ж. (1915-1981жж.)
5 қаңтар Ақын Қадыр Мырза Әлидің туғанына                85 ж.  (1935-2011жж.)
7 қаңтар Актер, режиссер, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қаз.ССР халық артисі Құрманбек Жандарбековтың туғанына 115 ж. (1905-1973гг.)
10 қаңтар Жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына

105 ж. (1915-1983гг.)

12 қаңтар Жазушы Сәбит Досановтың туғанына

80 ж. (1940ж.)

12

 

қаңтар Әнші, ҚазКСР және Қазақстан Республикасының халық әртісі Мурат Абдурейұлы Ахмадиевтің туғанына 70 ж. (1950 жыл)
12 қаңтар Қазақстандық балалар жазушы Копытин Василий Яковлевичтің  туғанына 110 ж. (1910-1975 жж.)
22 қаңтар Актер  Рахметбай Байназарұлы Телеубаевтың туғанына 85 ж. (1935-1987жж.)
30 қаңтар Ақын Жұматай Жақыпбаевтың туғанына

 75 ж. (1945-1990 жж.).

Ақпан

02 ақпан Жазушы Мұхтар Мағауиннің туғанына      

 80 ж. (1940 ж.)

12 ақпан Актер, Қаз.ССР халық артисі Атаханов Нүридин Мұхаметкалиұлының туғанына

 115 ж. (1905-1974 жж.)

12   ақпан   Кәрібай Ахметбековтың туғанына 80 ж.(1940-2015 жж.), жазушы.
13 ақпан Әнші, композитор Ескендір Хасангалиевтің туғанына 80 ж. (1940 ж.)
15 ақпан Тарих ғылымдарының докторы Ермұхан Бекмахановтың туғанына 105 жыл.
19

 

ақпан Жазушы, журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сапар Байжанұлы Байжановтың туғанына 90 жыл.
23 ақпан Жазушы, журналист, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбілфайыз Ыдырысұлы Ыдырысовтың туғанына 90 жыл.

Наурыз

2 наурыз Қазақ тілі маманы Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың туғанына 95 жыл. (1925ж.)
13 наурыз ҚазКСР халық әртісі, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Сәлима Ескендірқызы Саттарованың туғанына 100 жыл (1920 ж.)
14 наурыз Жазушы, драматург Калихан Ысқақтың туғанына 85 ж. (1935 ж.)
15 наурыз Театр әртисі Канабек Байсеитовтың туғанына 115 ж. (1905-1979 жж.)
20 наурыз Ақын Тұманбай Молдағалиевтың туғанына 85 ж. (1935-2011жж.)
21 наурыз Ақын Қуандық Төлегенұлы Шаңғытбаевтың туғанына 95 ж. (1925-2001жж.)
23 наурыз Техника ғылымдарының докторы, академик Евней Арыстанұлы Букетовтың туғанына 95 ж. (1925-1982жж.)
26 наурыз Жазушы, журналист Болат Бодаубаевтың туғанына 80 ж. (1940ж.)

Сәуір

1 сәуір Композитор, халық артисі Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтың туғанына 95 жыл (1925-1998жж.) 
3 сәуір Ақын Абдолла Жұмағалиевтың туғанына 105 жыл (1915-1942жж.)
9 сәуір Жазушы– сықақшы Ғаббас Қабышұлының туғанына  85 жыл (1935ж.)
14 сәуір Жазушы  Жайсаңбек Молдағалиевтың туғанына 85 жыл (1935-1986жж.)
15 сәуір Ақын, прозашы Адам Мекебаевтың  туғанына 80 жыл (1935-2014жж.)
15 сәуір Қазақ жазушысы Саурбек Бакбергеновтің туғанына 100 жыл (1920-1997)
19

 

сәуір

 

Жазушы, ақын, публицист, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Адам Мекебаевтың туғанына 80 жыл (1940 жыл)
25 сәуір

 

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату және нығайту үшін күреске қатысушы Тоқаш Бокиннің туғанына 130 жыл (1890-1918)
23 сәуір Халықаралық кітап және авторлық құқық күні
22 сәуір Жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 120 жыл (1900-1973жж.)
29 сәуір Жазушы Сансызбай Сарғаскаевтың туғанына 95 жыл.

Мамыр

5 мамыр Тілзерттеуші, түркітанушы Нығмет Тыналиевтің туғанына 110 жыл  (1910-1958жж.)
9 мамыр Тарихшы, драматург, әдебиетші Мұсатай Бекболатұлы Акынжановтың туғанына 

115 жыл  (1905)

9 мамыр 1930 жыл Әдебиеттанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы Мырзахметовтың туғанына 90 жыл
12 мамыр Қазақ жазушысы Әнуар Әлімжановтың туғанына 90 жыл (1930-1994)
16 мамыр Ақын Оразакын Аскаровтың туғанына  85 жыл (1935-1986)

 

 

 

 

Маусым

1 маусым Сыншы, публицист, ғалым, педагог, саяси қайраткер Рымғали Нұрғалиевтің туғанына

 80 ж. (1940-2010 жж.)

4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер (Елтаңба, Ту, Әнұран) күні
9 маусым Ұйғыр халқының ақыны Рахымжан Рузыевтың  туғанына 85 ж.  (1935ж.)
18 маусым Ақын Дина Ораз туғанына 40 жыл

 

Шілде

06 шілде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың туғанына 80 ж. (1940ж.)
15 шілде Ақын Қабыл Боранбаевтың туғанына 105 жыл
15 шілде Ақын Мантай Сыздыковтың туғанына 105 жыл 
18 шілде Жазушы Александр Николаевич Сергеевтің туғанына 105 ж. (1915-2007жж.)
25 шілде Әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі, ҚР халық ағарту ісінің озаты, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Шамшиябану Қанышқызы Сәтбаеваның туғанына 90 ж. (1930ж.)
30

 

шілде Әнші, ақын, композитор Жаяу Мұса Байжанұлының туғанына 185 ж. (1835-1929 жж.)

 

Тамыз

10 тамыз Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 ж.  (1845-1904жж.)
15 тамыз Қазақтың танымал композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 ж. (1930-1992 жж.)
25 тамыз Ақын Исабай Қалмұқанның туғанына 95 ж. (1925-2015жж.)
30 тамыз Жазушы Сайымжан Еркебаевтың туғанына 85 ж. (1935-1997жж.) 
30 тамыз ҚР Ата Заңының қабылданғанына 25 жыл

 

Қыркүйек

13 қыркүйек —    — Жазушы Рамазан Тоқтаровтың туғанына 85 ж. (1935-2000жж.)
19 қыркүйек —    — Жазушы, ақын  Асқар Тоқмағамбетовтың туғанына 115 ж.  (1905-1983жж.)
22 қыркүйек «Тіл туралы» заңның қабылданғанына 30 ж.

 

Қазан

2      қазан Қазақтың тұңғыш космонавты Тоқтар Аубакировтың ғарышқа ұшқан күні.
2 қазан Скрипкашы, концертмейстер, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Қазақ филармониясының солисі Иосиф Бенционович Коганның туғанына 100 ж. (1920 жыл)
3 қазан Ақын, әнші, композитор Иса Байзақовтың   туғанына 120 ж. (1900-1946жж.)
5   қазан   Ақын, жауынгер, ҚР халық жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 ж. (1920-1988 жыл)
15 қазан Жазушы Абу Сарсенбайұлының  туғанына 115 ж. (1905-1995 жж.)
19 қазан Ақын Тоқаш Бердияровтың туғанына 95 ж. (1925-1988жж.)
25 қазан Қазақ жазушысы Насреддин Сералиевтің туғанына 90 ж. (1930-1984 жж.)
27 қазан Қазақ ақыны, журналист Дүйсенбек Қанатбаевтың туғанына 80 ж. (1940-2010ж).

 

Қараша

1 қараша Ғалым, ағартушы, этнограф Шоқан Уалихановтың туғанына 185 ж. (1835-1865 жж.)
3 қараша «Қазақстан» баспасының құрылғанына 110 ж. (1910 ж.)
8 қараша Жазушы, аудармашы Омарғазы (Ғазиз) Оспановтың туғанына 110 ж. (1910-1986 жж.)
10 қараша Ақын –сықақшы Үмбетбай Уәйдаұлының туғанына 85 ж. (1935 ж.)
12 қараша Композитор,халық  артисі Евгений Брусиловскийдің туғанына 115 ж. (1905-1981жж.)
15 қараша Совет Одағының батыры, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына  105 ж. (1915-1973жж.)
17

 

қараша Археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚҒА және ҚР Әлеуметтік ҒА академигі, ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Карл Молдахметұлы Байпақовтың туғанына 80 ж. (1940-2018 жыл)
20 қараша Жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың туғанына  75 ж. (1945ж.)
20

 

 қараша 1940 жыл Тарих ғылымдарының докторы Найля Ермұханқызы Бекмаханованың туғанына 80 ж.
23 қараша Ақын, ұстаз, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері  Надежда Андреевна Лушникованың туғанына 80 жыл
24 қараша Жазушы Сапарғали Ысқакұлы Бегалиннің туғанына  125 ж. (1895-1983жж.)
25 қараша Ақын,  педагог Міржақып Дулатұлының  туғанына 135 ж. (1885-1935жж.)
28 қараша Ақын, жазушы  Жұмекен Нәжімеденовтың   туғанына 85 ж. (1935-1983жж.)

 

Желтоқсан

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні
15 желтоқсан Ақын Өтебай Тұрманжановтың туғанына  115 ж. (1905-1978жж.)
16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні
24 желтоқсан Совет Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 ж. (1910-1982жж.)
25 желтоқсан Әдебиеттанушы Әбіш Байтанаевтың туғанына 110 ж. (1910-1993ж.)
25 желтоқсан Актриса, Қаз.ССР  халық артисі Жұпар Манапованың туғанына 95 ж. (1925-1980ж.)
25 желтоқсан Қазақ ойшылы, ғалым және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың туғанына 130 ж. (1890 (1889) -1941жж.)
27 желтоқсан Әдебиеттанушы, ҚР ҰҒА академигі М.Қаратаевтың туғанына 110 ж. (1910-1995жж.)
31 желтоқсан  Артист Матан Мұраталиевтің туғанына 85 ж. (1935-1985жж.)

 

 

Айы мен күні анықталмаған атаулы күндер:

Философ, ғалым-энциклопедист Әбунасыр Әл-Фарабидің  туғанына  1150 ж. (870-950 жж.)

Жырау Қазтуған Сүйіншіұлының туғанына 600 жыл  (1420 ж.)

Халық композиторы-күйші Шығайұлы Дәулеткерейдің туғанына 200 жыл (1820-1887жж.)

Абылайханның бас кеңесшісі Қарауыл Қанай бидің туғанына 320 жыл (1695ж.)

Өлкетанушы Андрей Степанович Хахловтың туғанына 175 жыл Шығыс Қазақстан обл. (1845 -1918жыл)

Иса Тілембайұлы және Досан Тәжиев бастаған Патшалық Ресейге қарсы ұйымдастырылған Ұлт-азаттық көтеріліске  150 жыл (1870 жыл )

          Моңғол империясының негізін қалаушы және ұлы ханы, Азия және шығыс халықтарына қарсы жорықтарды ұйымдастырушы Шыңғысханның (Тэмуджин, Темучин) туғанына 865 ж. (1155-1227 жж.) . 

          Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Қасым ханның  туғанына 575 жыл  (шамамен 1445(6)-1521жж.).

          Орта ғасырлық қазақ ғалымы және саяси қайраткері, белгілі би Қадырғали Би Қосымұлы Жалайырдың туғанына 465 ж. (1555-1607 жж.)

         Атақты қолбасшы, Абылай хан дәуіріндегі батыр  Бөгенбай Ақшаұлы (Қанжығалы Бөгенбай) туғанына 330 ж. (1690– 1775 жж., кей бір деректерде 1776, 1778 ж.),

        Райымбек батырдың туғанына 315 ж.  (1705-1785 жж.)

        Байқоңыр ғарыш айлағының құрылғанына 65 ж. (1955ж.)

        Қазақтың ақын–ертегішісі  Қазтуған–жырау Сүйінішұлының туғанына 600 ж. (1420-с.ғ. ж.)

        Ақын– ертегіші, батыр Шалкиіз–жырау Тіленшіұлының туғанына 555 ж.  (1465-1560жж.)

Ескі қазақ әдебиеті өкілдерінің бірі, әскери жорықтарды жырлаушы Доспамбет батыр–жыраудың туғанына530 жыл.   (1490-1523 жж.)

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ақын Доскей Әлімбайұлы (1850-1946 жж.) туғанына 170 жыл.

Жазушы, сыншы, публицист, аудармашы Мәжит Дәулетбаевтың туғанына 120 жыл  (1900-1938 жж.).

Қазақтан шыққан  жырау, күйші-композитор, тарихи аңыздардың кейіпкері Кетбұғаның туғанына 870 жыл (1150–а.ғ. ж.-1225)

Күйші-композитор Байжегиттің туғанына 315 жыл.  (1705-1795 жж.).

Ақын Сүйінбай Аронұлының туғанына 205 жыл.  (1815-1898 жж.).

Күйші-композитор, домбырашы, «шертпе»стиліндегі күй орындау мектебінің негізін қалаушылардың бірі Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 205 жыл. (1815-1862 жж.)

Қазақ халық композиторы-күйші Дәулеткерей Шығайұлының туғанына 200 жыл. (1820-1887 жж.)

Кәсіби қазақ суретшілерінің бірі кәсіби Мәкі Уәлихановтың (Әбділмақыжан Шыңғысұлы) туғанына 175 жыл. (1845-1916 жж.)

Қазақ халық аспаптары оркестрінің негізін қалаушылардың бірі, домбырашы, күйші Науша Мырзагерейұлы Бөкейхановтың туғанына 150 жыл.  (1870-1944жж.)

 

 

Ақпараттық-библиографиялық жұмыс қызметі

8-7172-99-51-55