ЖЫЛ КІТАПТАРЫ анықталды 30 жылдыққа 30 кітап

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында өз орнын тауып келеді. Аталмыш жоба қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы осымен 15 жыл қатарынан ұйымдастырып келе жатқан акция аясында таңдалған кітаптар республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық және мектеп кітапханаларында кеңінен насихатталатын болады.

📚Жақында 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады деген сенімдеміз.

📚Назарларыңызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» тізімін ұсынып отырмыз.

@ns.madeniet
@madibaeva68
@kitap_kala