Құрметті айтыс сүйер қауым!!! Сағына күткен «Береке бірлігіңде, Елім» атты республикалық ақындар айтысының мүшелерімен таныс болыңыздар. Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және «Nur Otan» партиясының қолдауымен өтетін айтыс қазан айының 19 жұлдызында, сағат 15.00 де «Астана» концерт залында өтеді. Барлықтарыңызды күтеміз, айтыс жанашырлары!!!! * * * *
Жансая Ғалымжанқызы Мусина
1985 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайхын селосында дүниеге келген. 2002 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатын бітірген. 2002 – 2006 жылдары Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 2013 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты. 2005 жылдан айтыс өнерінде. Қарағанды қаласында студенттер арасында өткен «Жас толқын» фестивалінің бас жүлде (2005), Сырым Датұлының 265 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында бас жүлде (2007). Талдықорған қаласында Сүйінбай Аронұлының 190 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысында ақын Сара атындағы 2-жүлде, Шымкентте өткен дәстүрлі «Наурыз» айтысында бірінші орын (2010), Маңғыстау облысында өткен Қашаған Күржіманұлының 170 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында бас жүлде (2011), Шымкент қаласында өткен Абылайханның 300, Төле бидің 350 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында Абылайхан атындағы Бас Жүлдені (2013) иеленді. 2019 жылғы «Алтын домбыра» иегері. Ақын қыздың айтыс үлгісі «Жайықтың айтысына жарты ғасыр» атты жинаққа енген. 2009 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімі тағайындаған Ақұштап Бақтыгереева атындағы стипендияның тұңғыш иегері атанды. 2016 жылы – Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы 2017 жылы – ҚР Президентінің жарлығымен Ерен еңбегі үшін медалінің иегері атанды.
@akimat_nur_sultan
@aitysker.oorrgg
@aitysker.kaz
@aitys_ulttyk_oner
@zhansaya_musina