“Мен тұратын көше” конкурсы

Сарыарқа аудандық әкімдігі “Елорда күні” қарсаңында “Мен тұратын көше” атты мектеп жасындағы балалар арасында байқау жариялайды.

Қатысушылар келесі үш бағыттың бірін таңдай алады:
⠀⠀⠀
1. эссе жазу (екі беттен аспауы керек);
2. өлең шығару;
3. сурет салу.
⠀⠀⠀
Конкурстың талабы:
⠀⠀⠀
-өзі тұратын көшенің тарихын зерттеу, анықтау;
-бұл көшеге аты берілген тұлға жайлы эссе жазу/өлең шығару/сурет салу.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім 3 шілде 18.00 дейін келесі электронды поштаға жіберіледі:
⠀⠀⠀
nurzhanova.ainur@bk.ru
nuradinov.astana@mail.ru
⠀⠀⠀
Конкурс нәтижесі 5 шілде күні
@saryarka.akimat әлеуметтік желі парақшаларында жарияланатын болады.

Қосымша сұрақтар бойынша: +7 701 242 36 25
+7702 623 75 79

@saryarka.akimat