Бүгінгі күннің талабына сай шығармашылықпен жұмыс істей білу жинақылық пен шапшаңдықты талап етуде. Жақында ғана 2019 жылдың «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына екі қаламгердің туындылары таңдалса, бүгін міне «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» кітапханалары жаңалықты тез іліп әкетіп, өз оқырмандарына арнап әртүрлі іс-шаралар өткізуде. Сондай іс-шаралардың бірі – кітап көрмелері мен тақырыптық сөрелер. Кітапхананың төрінен орын алған кітап көрмелері мен тақырыптық сөрелер Әбділдә Тәжібаевтың поэзиясы мен Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романына арналды.
ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының, ҚР кітапханашылар Ассоциациясының бастамасымен 2007 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Бір ел – бір кітап» акциясының мақсаты ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.
№ 3 балалар кітапханасы 2019 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша таңдалған екі қаламгердің туындыларына арнап, кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесін тамашалаған оқырмандар Әбділдә Тәжібаевтың поэзиясы мен Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романымен жақынырақ таныса алды.