Kitap Fest Astana.

07.07.2023 жылы сағ.17.00-де «KitapFest» респубикалық кітап фестивалінде өзінің ерекше қолтаңбасымен, мөлдір жырларымен қазақ әдебиетінде есімі қалаптасқан ақын, Танакөз Толқынқызымен «Айтқым келеді» атты шығармашылық кездесуін Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі өткізді.

Еркін форматта өрбіген шарада өлеңсүйер қауымды рухани сусындатқан Танакөз Толқынқызы жырларын асқақтата оқыды.

Ақын махаббат тақырыбында ерекше толғанатын, сыршыл сезімге құрылған жырлары арқылы жүректерге жол тапқан мөлдір туындылары қалай туындағаны туралы айтып берді.

Сөз кезегінде ақынның өлеңдеріне ән жазылып, оны насихаттап жүрген эстрада әншілерінің бірі Роза Әлқожа екенінде айтып өтті.

Поэзия әлеміне еніп, ерекше әсер алған елордалық жырсүйер, кітапқұмар қауым ақынның шығармашылығымен танысып ғана қоймай, лирикалық өлеңдерінен әсем әсер алып, қолтаңба алып тарқасты.

#kitan #kitanxana #kitapfestastana