ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бастамасымен 19 мамыр күні «Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл» атты open air фестивалі өтті.

Фестиваль барысында Астана қаласы әкімдігінің»Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ұйымдастыруымен»Ашық аспан астындағы Кітап қала Аллеясы» шарасы жүргізілді.

Шарада 2023 жылдың мерейтой иелеріне арналып жасалған экспонаттар мен библиографиялық көрсеткіштер таныстырылып, ақындардың өлеңдері оқылды.

Сонымен қатар «Ертегі- ел ертеңі» тақырыбында театрландырылған көрініс қойылып, «Book dating» жобасы бойынша кездесу өтті.