Бүгін ЭКСПО алаңында кезекті VI Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің ашылуы өтті.

Кітап көрме-жәрмеңкесі белгілі ақын-жазушылардың қатысумен және кітап дүкендері мен баспаларының атсалысуымен ұйымдастырылған.

ЭКСПО алаңы есіктен кіргеннен көз тартарлықтай етіп безендіріліп,түрлі шаралармен қамтылған. Кітапқа деген қызығушылығы бар, кітап сүйер оқырмандардың да қарасы аз болмады.

Көрме барысында Халықаралық «Абай-Жидебай» қоғамдық қоры кітаптарының,жазушы-драматург,ҚР Мемлекеттік Сыйлығының Лауреаты Роза Мұқанованың «Сарра» кітабының, ақын, драматург, жазушы, жыршы-жырау, манасшы, әдебиет пен өнер зерттеушісі,мәдениет қайраткері Баянғали Әлімжановтың «400 тәтті тақпақ» атты кітаптарының тұсау кесері болды.

Әр көрерменнің өз қалауы бар,өзінің түйгені де бар емеспе.Міне,осындай қызығушылық танытқан көрермендер автордан қолтаңбалар алып,көкейінде жүрген сауалдарын қойып,естелік фотосуреттер жасап мәре-сәре болды.

Сонымен қоса ТМД мемлекеттері басшыларының 2023 жылды ұлтаралық қатынас тілі ретінде «Орыс тілі жылы» деп жариялау туралы шешімі аясында Орыс кітап одағы, «Университет кітабы» журналы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ресейдің Цифрлық даму министрлігімен бірлескен онлайн,офлайн форматта кітапхана,кітапхана істері бойынша тәжірибе,пікір алмасу мақсатында әңгіме-сұхбатта да біраз ойлар қозғалып өтті.