Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында “Әйел теңдігі бұл…” атты пікір-таласқа толы, қызықты кездесу өтті.
Астана қаласының Әкімшілік Құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Бас маманы Блялова Марал Қабыжанқызы саяси әрі, қоғамдық мәселе жөнінде әңгіме өрбітті.
Спикер қоғамдағы әйелдердің мәртебесін анықтау, отбасы-демографиялық және гендерлік саясат, тіпті, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан нәзік жандарды қорғау – басты міндет екенін басты назарға алды.
Лекцияға қатысқан 4-Ж.Жабаев атындағы 10-сынып оқушылары аса белсенділік танытып, спикерге сұрақтар қойды.
Ерекше пікір білдіріп, орынды сұрақ қойған Аскербекова Сания,
Тұрғанбек Ернар, Ашимова Шапағат, Егембердиева Ақерке, Тажибаева Амина атты оқушыларға кітапхана атынан естелік сыйлықтар табыстылды.
Ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында еңбек етіп жүрген ұстаз Дана Жауымбаеваға, спикер Марал Қабыжанқызына зор алғыс білдіреміз!