Астана қаласы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде» ақын, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Шәкәрім ақын шалқарынан»атты қалалық іріктеу байқауы өтті.
Байқауға қала мектептерінен 34 өтініш түсті. Оның ішінде ереже бойынша жас ерекшеліктері сай келмейтін өтініш иелері де болды. Бүгінгі өткен «Шәкәрім оқуларына» 5-7 сыныптарында білім алып жүрген 21 оқушы қатысты. Байқау ережесі бойынша әрбір талапкер ақынның таңдалған 20 өлеңінен жатқа оқуға тиіс болды. Қатысушылардың оқу мәнері, сауаттылығы, сахна мәдениеті қазылар тарапынан ескерілді. Сайыс қорытындысы бойынша Ернұр Қарақат жеңімпаздар ретінде танылып, Қазақстан Республикасы академиялық кітапханасында 6 наурызда өтетін “Шәкәрім оқулары” атты Республикалық Шәкәрім мұраларын жатқа айту байқауына қатысуға жолдама алды.
Аталмыш кешке қазылар алқасының мүшесі ретінде ҚР Ұлттық академиялық кітпханасының баспасөз бөлімі қызметкері Таңсық Жанар Пердеханқызы,журналистер одағының мүшесі,ақын Палман Лаура Тельманқызы,Астана қаласы «ОКЖ» кітапхана ісінің ардагері,мәдениет қайраткері Сейдахметова Сағыныш Дүйсенқызы қазылық жасап,әр қатысушыны талаптарға сай іріктеп,алдағы уақытта мәнерлеп оқу сайысының ережелері мен ескерілу керек дүниелерге де баса назар аударып өтті.
Жеңімпаздарды тағы да құттықтап, Республикалық байқаудан да жүлделі орынмен оралуларына тілектеспіз!