Бүгінгі жас ұрпақ, болашақ – жар, ертеңгі -ана,рухани бай қоғам қызметкері,білімді де білікті маман иелері болатын жастармен қазақи тәрбиедегі ұл -қыздың өсіп өнуіне жол сілтеу мақсатында Мичурино кентінде N10 көпшілік кітапхана мен N43 ҚББМО кітапханашыларының бірігуімен «Қыз өссе -елдің көркі» идеясының авторы,»Қызғалдақ» қыздар клубының жетекшісі Әсел Қайратқызымен кездесу өтті.

Кездесу барысында N43 ҚББМО директоры Н.Қ.Жағабаев кездесуге алғыс білдіріп,Мичурино кентінде осындай тәрбилік мәні бар шараларға қолдау білдіретінін айытып өтті. Сонымен қоса 5-8 сынып оқушылары да өз ойларымен бөлісіп,көкейлерінде жүрген сұрақтарымен бөлісті.

Соңында екі мекеме атынан Әсел Қайратқызына алғыс хат беріліп,автордың қолтаңбасымен кітапханаларға кітап сыйға берілді.