2023 жылдың 13 қаңтары сағат 15.00-де Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Қарашаңырақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ақын, журналист – жазушы, “Менің әкем ең жақсы адам”, “Жарық ғалам”кітаптарының авторы, Республикалық “Қарашаңырақ” қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының директоры- Фатима Забурақызының”Мықты әйел”кітабының тұсаукесері өтеді.
Балалар жылы аясында ақынның “Біз бақытты баламыз ” атты өлеңі және ертегілері бөбекжай – бақшаларда кеңінен танылды.
Фатима Забурақызы “Бейімбет Майлин” атындағы халықаралық әдеби сыйлығының, “Елеулі еңбегі үшін” және “Абай” медалының иегері. Өлеңдеріне еліміздегі белгілі композиторлар ән жазған.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген автормен кездесуден сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, ізгілік, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттерді жасөспірімдердің бойына сіңіруге ат салысыңыздар!
Өтетін жері: Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасы
Бөгенбай даңғылы 52; жұм.тел : 87172536019