Жаңа жыл қарсаңында өткен салтанатты жиында Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері кітапхана ісін дамытуға қосқан үлесі мен еңбектері үшін марапаттармен, алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы Қазақстандық салалық кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің мүшелері «Еңбек даңқы» медальдарымен марапатталып, жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.

Ал, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшылығы кітапханаларды жаңғырту және дамытудың 2023 жылға арналған жоспарларымен таныстырды.
Жиын соңында, кітапхана ісінің негізгі бағыттары бойынша пікір алмасу болды.

Өзекті мәселелер көтерілді, ұсыныстар айтылды. Кездесу барысында, кітапханашылар мәдени құндылықтардың маңыздылығын әрбір оқырманның жүрегіне жеткізіп, жастарға сапалы ақпараттық қолдау көрсету олардың басты мақсаты деген пікірлерін білдірді.