«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл байлық ел үшін» атты іс-шара
Елімізде өтіп жатқан Өзбекстан мәдениет күндеріне екі ел кітапханаларының ынтымақтастығы мен оқырмандар үшін бірлесе жұмыс атқару үшін бастама болып отырған ерекше шара өтті. Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы мен Өзбекстан Мәдениет министрлігі қасындағы Республикалық Орталық зағиптар кітапханасы бірлесіп мүмкіндігі шектеулі жандар туралы қысқаметражды фильм көрсетілімін өткізді. Бұл фильм – «Кан» фестивалінде гран при иеленген ерекше форматтағы, яғни мүлде дыбыссыз фильм болатын. Шарада Қазақстанның арнайы кітапханасының студиясы зағип жандар үшін дыбыстандырылған нұсқасын ұсынды. Бұл шара орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында өтті.
Шара басы фильм көрсетілімінен басталып, артынан фильм туралы ой бөлісу, ондағы айтылған негізгі ойлар мен пайымдаулар туралы жиналған қауыммен талқылау өтті. Іс-шара арасында өзбек этно мәдени орталығының өнерпаздары өнер көрсетсе, кітапхана зағип оқырмандары домбырада ойнап, ән салды. Бауырлас ел кітапханаларының тағы бір жүрек жылытар көрінісі ретінде Өзбекстан кітапханасының еліміздің зағип оқырмандарына тартқан сыйы еді. Ол ұлт ұстаздары А. Байтұрсынұлы мен Ы.Алтынсарин шығармаларын көзі көрмейтін оқырмандар үшін бедерлі қаріпте кітап қылып шығарып, шара барысында сыйға тартуы еді.

Шара қонақтары:Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі қасындағы Республикалық Орталық зағиптар кітапханасының директоры – Фарход Уктамович;
Аджиан Облыстық зағиптар кітапханасының директоры – У. Нурматов
Нақой облыстық зағиптар кітапханасының директоры – Б. Абдуллаев
Қарақалпақстан Республикасының Республикалық зағиптар кітапханасының
Директоры – А. Ахметова
Маңызды іс шараға
МСМ Мәдениет комитеті Музейлер мен кітапханалар басқармасының басшысы –
Гульзейнеп Анафияевна Пазылова қатысты