Қараша айының 10 күні Астана қаласының әкімі А.С. Кульгинов мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Отырыс барысында, Астана Қаласының Мәдениет Басқармасының басшысы С.Б. Шапашов жыл бойы жасалған жұмыстар туралы мәліметтер берді.

Қала әкімі мәдениет саласы қызметкерлерінің сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдап, жауап бере отырып, қаламыздың өркендеуі мен мәдениет саласының дамуына үлес қосқан жандарды «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Кездесу соңында Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі дайындаған » Кітап қайнар бұлақ, кітапхана сөнбес шырақ» атты кітап көрмесімен осы жүйенің басшысы Г. С. Мадибаева таныстырды. Кітап көрмесіне қазқтың ұлы ақын – жазушыларының шығармаларымен қатар кітапхана қорында сақталған сирек кездесетін кітаптар да орын алды.

Көрмедегі ең көне кітаптың бірі Шекспирдің шығармалары 1923 жылы жарық көрген.

Қала әкімі кітап көрмесіне үлкен қызығушылық танытты. Біз бүгінгі марапатталған мәдениет саласы қызметкерлерін және қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары М.А. Керимбекованы құттықтаймыз.