Құрметті әріптестер!
Сіздерді алғаш рет аталып өткелі отырған кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Кітап – білім бұлағы болса, сол білімнің көзін ашатын, өздерінен инабаттылықты, шыдамдылықты және білімділікті талап ететін мамандық иелері – ол кітапханашылар.

Мемлекетімізде кітапханашылар күні аталуының өзі – осы мамандық иелеріне деген сый – құрметтің нышаны болып отыр.

Кітапханашы – ұлттық құндылықтарымызды, рухани байлығымызды жинақтап, көзінің қарашығындай сақтаушы, насихаттаушы.

Бүгінгі кәсіби мереке күні рухани орда шырақшылары кітапханашыларды мерекелерімен құттықтаймыз!

Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге шығармашылық шабыт, отбасына бақ пен береке тілейміз! Ізгі тілекпен Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
💐💐💐💐