Бүгінгі өткен әдеби сағат барысында Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі сөзге тиек етілді. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған,қазақ халқының тағдыры,тілі үшін күрескен Алаш арысы,Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
«Біз еліміздің, тіліміздің болашағын ойласақ, Ахмет Байтұрсынұлы бағытын ұстануға тиіспіз. Өйткені тіл тағдыры – бүкіл мемлекеттің тағдыры». Бүгінгі әдеби сағатымыздың мақсаты – Байтұрсынов танымы арқылы жастардың ой-өрісін кеңейту.
Ахмет Байтұрсынұлының есімі тарихта қазақ тіл білімі мен әдебиетінің және қазақ журналистикасының негізін қалаушы ретінде, сондай-ақ, қазақ жазуының реформаторы, алғашқы ұлттық әліппенің авторы, ақын, аудармашы, педагог, ағартушы ғалым, қазақ руханияты тарихындағы аса ірі тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде мәңгі қалмақ. Бүгінде, ұлт зиялыларымыздың елдің ұйытқысы бола білген ерең еңбегін үлгі ету – жастар біздің міндетіміз.