Елорда күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданының әкімдігі және «Фолиант» баспасы бірлесе ұйымдастырған «EЛОРДА – KitapTime» кітап көрме-жәрмеңкесі өтті.

Аталмыш іс-шараны қолдау барысында Нұр-Сұлтан қаласы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-де оқырмандар арасында «кітап алмастыруды» заманның сәніне айналдыру; әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу; әлемді үлкен кітапханаға айналдыру мақсатында «Әлемді үлкен кітапханаға айналдырамыз» атты BookCrossing ұйымдастырды.

BookCrossing – те оқырмандар мен қала тұрғындарына тегін кітаптар алмастырылумен қатар кітапхана қорында бар аудио,дыбысты кітаптар мен инновациялық сөйлейтін қалам, балалармен қоса ересектердің де сүйікті кітабына айналған Гарри Поттердің қазақша, орсша еңбектерінің бұрышы да қонақтардың назарына ұсынылды.Ең бастысы Гарри Поттер кейпін сомдаған киіпкермен естелік суреттерге түскендерде біршама.

BookCrossing-та Астана тұрғындары мен оқырмандардан бөлек Мәдениет және спорт министірлігінің кеңесшісі Асан Мирас, алаштанушы, абайтанушы ғалым Т. Жұртбай, балалар әдебиетінің өкілдері
Т. Әбдірайым, О.Сүлеймен, Үнді елшілігінің I хатшысы Санджай Веди және Өбекстан, Ирландия елшіліктері мен жас қаламгерлерде бой көрсетті.

Жалпы айтқанда осындай ауқымды іс-шараны асыға күткен оқырман қауымның қарасы да аз болмады.Кеш батқанға дейін кітап алмастырып,
керегін іздеп әбден шөлдеген оқырмандырымыз алғыстарын жаудырып,
жарқын көңіл-күймен қайтты.

Астана тұрғындары мен қонақтары,оқырман қауымы баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!