Бүгін, Елордамызда конституциялық реформаларды түсіндіру сұрақтары бойынша Республикалық қоғамдық қолдау штабы мүшелерінің елордалық зиялы қауым өкілдері және мәдениет ұйымдарының қызметкерлерімен кездесуі ұйымдастырылды.

5 маусым күні өтетін референдумның мәні мен маңызын түсіндіру мақсатында, ой пікірлер ортаға салынды.

Конституциямыздың 33 бабына тү­зе­тулер енгізіледі.
» Менің мақ­сатым – халқыма мейлінше еркін­дік беру, демократия мен заң үстемдігін күшейту. Президент ретінде ешқандай артықшылықтар мен жеңілдіктерге құмар емеспін. Мұндайды қаламаймын»-
Касым – Жомарт Тоқаевтың өз халқына айтқан сөздері жүрекке сенімдік береді.

Жаңа Қазақстан құру тек бір адамның, тек қана мемлекеттің жұмысы емес. Әр адам өзінің елі, жері дамуына, көркейүіне өз үлесін қосу керек.

Алда бо­латын референдум – бүл үлкен қадам, тарихи сәт. Сондықтан референдумға белсенді қатысып, болашақта айқынды жағдай жасалған өмірге ұмтылу керек..