Қиылған сәт қара түннің семсері,
Құба жолда үмітім бол еңселі.
Құт дарыған қара өлеңі қазақтың,
Қасық қанмен қорғап өтем мен сені.

Қазақтың қара өлеңін өміріне серік қылған сезімтал, сырлы да нұрлы жанымен көпшілікті тәнті еткен талантты ақын
Толқын Қабылшаның “Осы бір сәт ұнайды” аудиокітабының тұсаукесеріне шақырамыз!

Таха Хусейн 2/1 Арнайы кітапхана.
Сағ. 12:00