Eurasian Book Fair мен үшін жыл сайын сағына күтетін мереке. Кітапханасы сірескен дворяндар отбасы емес, жазу-сызуға қатысы жоқ, қарапайым шопандар отбасында туғандықтан да көп жақсы кітапқа қолымыз бертінге дейін жетпей жүретін-ді.
Бұл халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталғалы биыл бесінші жыл, біраз кем-кетігімізді толтырғанымызды несін жасырайық.
Астананың ең бір ажарлы сәті осы жәрмеңкенің қайнап жататын кезі. Кәдімгі баяғы салтанаты асқан тарихтағы жәрмеңкелер іспетті.
Бір сахнада авторлар шерін тарқатып, оқырманмен жүздескеніне мәз. Мына жақта оқырман өзінің жақсы көретін баспаларынан әдеттегіден арзандау тұрған кітаптарын алып, мұқабасын сипап, бетін парақтап жатады. Бұрын жүздесіп көрмеген үлкен-кішілі қаламгерлермен де сонда танысып жатушы едік.
Бұл жолы оқырман емес, автор ретінде барғалы отырмыз. Мәлім мөлшерде бұл да бір мерейлі сәт. Бұл жәрмеңке – қазақ елінің мықты-қуатты ел болуының бір баспалдағы деп білем.
Қалғанын ертең айттайық. Жәрмеңке жаққа келіңіздер. Айтпақшы мына Есбол екеуміздің жанымызға отырамыз дейтін аға-інілер, әпке-қарындастар болса жақсы болар еді, әйтпесе қатты-қатты айтып қоямыз ба деп қорқам