Бүгін Еуразиялық халықаралық кітап -көрме жәрмеңкесінің кезекті екінші күнінде
Нұр -Сұлтан қаласы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» ұйымдастыруымен елімізге белгілі,қаламы жүрдек қаламгер
Жолтай Әлмашұлымен кездесу өтті.

Кездесу барысында қаламгермен үзеңгілес достары режисер Сабыралы Кемелбаев,суретші Өмірбек Тілеулиев,қоғам қайраткерлері Болат Кенішбаев,Төлен Қамарұлы,Мәдениет саласының үздігі Мырзашева Гүлнафис , жазушы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асқаров қатысып жүрекжарды тілектері мен қаламгер туралы естеліктер айтылды.

Кеш соңында «Қаратау қаһары» атты қазіргі қысқа романдар кітабының тұсаукесері болды.